2017 жылдың 12 сәуірінде Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғырту» мақаласы жарияланды. Бұл мақалада «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» атты жобаны құру туралы туралы елбасы «Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек деген пікірін айтады. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды. Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз».
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері бойынша мұрағаттық және библиографиялық ақпарат жинақталған. Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің деректер базасын қалыптастыру бойынша әдістемелік басшылық құрылған. Мемлекеттік тізімде, Қазақстанның археологиялық картасы жарияланды. Жұмыстың бұл түрі кезең бойынша жүргізілді. Бұл ақпарат цифрланған және геоақпараттық жүйе деректер базасына енгізілген.
Қазіргі уақытта ескерткіштердің жалпы саны 15 000-нан асады.
Республикалық киелі орындар белдеуіне Шығыс Қазақстанда орналасқан 10 киелі орын кіреді:
- «Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
- Ф. М. Достоевскийдің әдеби–мемориалды үйі (ШҚО Семей қ.)
- Ырғызбай Ата кесенесі (Шығыс Қазақстан облысы)
- Берел қорымы (Шығыс Қазақстан облысы)
- Шілікті алқабы (Шығыс Қазақстан облысы)
- Қоңыр әулие үңгірі (ШҚО)
- Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары (ШҚО)
- Музтау тауы (Белуха) (ШҚО)
- Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
- «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені