Қазыналы керуен” кітапханалық десант

Қазыналы керуен” кітапханалық десант

Кітап – баланың ең жақын досы. Ал кітапхана – ұрпақ тәрбиесінің талбесігі десек бекер айтпаймыз. Рухани кемелденудің көзі кітап оқуда жатыр. Көңілді шараға қатысқан алғыр оқушыларда саналарына білім нәрін сіңіріп, танданыстарын жасыра алмады. Бүгін кітапхана қызметкерлері Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің 1 сынып оқушыларына арнап “Қазыналы керуен” атты кітапханалық десант өткізіп, оқырман ретінде қабылдады. Сиқырлы әлемнен сыр шерткен кеш кейіпкері Қуыршақ Барби балдырғандармен бірге «Жақсы & Жаман» ойынын ойнап, дөңгелене би биледі. Тосынан жаңа достардың арасына тап болған Лунтик сиқырлы добымен ойнап, балаларға ерекше сұрақтарын жаудырса, ғажайыптар елінен келген Алладин шараның одан әрі көркін кіргізіп, алтын сандығымен ойын ойнап кештің көркін жандандыра түсті. Шара соңында озат ойлы балдырғандар кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптармен де танысты. Көңілдері шат-шадыман күйге еніп, сергіту сәтінде де белсенділік танытты. Таңғажайыпқа толы шара балалардың есінде ұзақ уақыт сақталары сөзсіз. Кітапхананың белсенді оқырманы болдық деп, жүздері бал-бұл жайнаған оқушылар үнемі кітапхана төрінен табыламыз деп қуаныштарымен бөлісті.

Share