Биылғы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында, ШҚ облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты еріктілерімен, студенттермен бірлесе «Қала кітаппен. Город с книгой» шарасын ұйымдастырды. Ашық аспан астында, Комендантка өзенінің жағалауында өткен аталмыш шараға кез-келген қала тұрғыны мен қонақтары қатысуға мүмкіндік алды. Ақылды шеңбер жасаған жастар шара қатысушыларына кітапхана қорындағы шығармаларды дауыстап оқып берді. Сондай-ақ барлық қатысушыларды кітап оқуға шеңберге шақырды.
Кітапхана қызметкерлері «Jas Otan» жастар қанаты мүшелеріне еліміздің жастарын жан-жақты дамытуда және рухани мәдениетін арттыру мақсатында қолдау көрсетіп, «Қала кітаппен. Город с книгой» шарасына белсене ат салысқаны үшін алғыс білдіреді.