Құпия күштер құдіреті

Жылқыбаева, Мағрипа. Құпия күштер құдіреті. 1-т. / М. Жылқыбаева. – Алматы : Нұрлы Әлем, 2019. – 536 б.

Бұл еңбек Жамбыл жыраудың жалпыға айтылмай келген белгісіз қырларын көрсетуге арналған. Өмірінің бар болғаны кейінгі 10 жылында ғана мемлекеттік қамқорлыққа алынған ақынның одан бұрынғы 80-90 жылдық өмірі жұртшылыққа белгісіз боп келгені мәлім. Кітап авторы Жамбыл өмірімен байланысты кейбір мәліметтерді оның көзін көріп, дәмдес болған қариялардан жазып алып, Қазан төңкерісіне дейін Жамбыл ақынмен жиі араласқан кісілердің айтқандарын қағазға түсірген. Автордың мақсаты – Жамбылмен замандас ақсақалдардың айтқандарын саралап, ұлы жыраудың осы кезге дейін танылмай келген қырларынан оқырманды хабардар ету. Бұл кітапқа сондай-ақ Мағрипа Шөжеғұлқызының әр жылдары жазылған танымдық әңгімелері де кірді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

Share