Қазақтың тұңғыш академигі, даңқты геолог-ғалым Қаныш Имантайұлының туғанына 125 жыл толуына орай кітапхана қызметкерлері оқырмандармен бірге қаламыздағы Қ.Сәтбаев даңғылына сапарлап, тұлғаның туып өскен ортасы, еңбек жолы жайлы тың деректерді иммерсивті құлаққаптың көмегімен ұсынды. Сондай-ақ, оқырмандар «Көшеге қай жылы ғалымның есімі берілді?», «Даңғыл бойында қандай ірі құрылыс нысандары орналасқан?» т.б. осы сияқты біршама қызықты сұрақтарға жауап тапты. Иммерсивті серуен соңында кітапхана қорындағы ғалымның өмір жолы мен еңбегі жайлы кітаптар таныстырылды.