Ұлағатты әке

Ұлағатты әке

Әке – бұл күш пен қайраттың символы болып табылады. Отбасылық  құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал ету мақсатында жыл сайын «Әкелер күні» мерекесі аталып өтіледі.

Осы орайда кітапханамызда  әкелер күніне орай «Кітапханадағы қымызхана» бағдарламасы  аясында «Ұлағатты әке» атты кездесу өткізілді. Бағдарламаға отбасына ғана емес көпке үлгі болған әкелер қонаққа келді.Олар: қоғам қайраткері Төлеубеков Эльдар, жас кәсіпкер  Чунчубаев Ерболат Қазесұлы    және  Глубокое ауылындағы жеке шаруашылық иесі Нұрамхан Энгельс. Сонымен қатар өлкеміздің ақын-жазушылары болды.

 Кездесу барысында отбасылық құндылықтар, әкенің отбасындағы басты міндеті мен бала тәрбиесі туралы мәселелер қозғалып бағдарлама көрермендеріне тәлімі мен тәрбиесі  мол жүздесу болды.

Share