Мүсірепов, Ғ. Ұлпан : роман. – Астана: Фолиант, 2023. – 264 б. – (Сөз маржан)

«Ұлпан» – тарихи роман, онда бір ғана керей-уаққа қарасты сибан елінің тыныс-тіршілігін суреттеу арқылы сол замандағы, атап айтқанда,  ХІХ ғасырдағы жалпы қазақ елінің шежіресі мазмұндалады. Шығармада ғасыр бойындағы қазақи тіршілік, оның тұрмысы, салт-дәстүрі, өзіне тән әдет-ғұрпы кеңінен қамтылған. Оқиғалар романның басты кейіпкері – табиғатынан ерекше, ойы таза, жаны жомарт әйел Ұлпанның төңірегінде өрбиді. Ұлпан өз бақытынан ел мүддесін жоғары қойған, ақыл мен парасатты бойына ұялатқан қазақ әйелінің жиынтық образы. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Share