«Play and learn English» шеңберінде «Әжім –әжемнің әрі, демеңіз оны кәрі, кәрінің сөзі дәрі» атты кезекті үйірме шарасы өтті. Балалар «Қызыл телпек» ертегінің үзіндісін тамашалай отырып, қасқырмен кездесті. Қасқыр балалардың әжелерін босатуға уәде беріп, есесіне, оқырмандардан онымен бірге ойын ойнауды талап етті. Екі топқа бөлініп, оқушылар ең тәтті құймақ пісірді, әженің кәмпиттерің ұстап, өздеріңнін белсенділігін көрсетті, өз қолымен әжеге арнап алқа жасады, ойынның соңында әр бала өз әжесіннің суретін салып, ағылшын тілінде сипаттап берді. Шара барысында оқырмандарымыз қиялдап ойлау қабілеттерін, әжелеріне деген махаббаттын және өз білімдерін көрсете білді.