Белгілі жазушы Елен Әлімжанның «Алтын жүлге жыры» атты жаңа романы қазақ әдебиетінде көп көрініс бермеген гуманитарлық сала ғалымдарының социалистік шеңбердегі өмірі мен отарлық идеология найзасынын ұшында жүріп жазған еңбектерінің талан-тағдырын арқау еткен интеллектуалды туынды. Бас кейіпкері ғалым Мекемтас Мырзахметұлының Абай мұрасын тұрпайы-социологиялық тұрғыда бағалаушылармен күресе жүріп, ұлы акынның толык адам ілімін ашуы, қазактың қалай орыстандырылғаны туралы өз еңбегін жарыққа шығара алмауы, 1986 жылғы желтоқсаншыларды ақтау әрекеттері көркем тілмен қызғылықты бейнеленеді. «Алтын жүлге жыры» — қалам иелерінің әділетті қоғам үшін күрес жыры. Кітап барша оқырман қауымға арналған.