Жазушы Қайсар Әлiмнiң “Махаббат жыршысы” жинағының алтын арқауына Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттiк және А.А. Фадеев атындағы мемлекетаралық сыйлықтарының лауреаты Әзiлхан Нұршайықов екеуiнiң 30 жыл бойғы хаттасулары негiз болған. Атақты қаламгермен жазысқан хаттарда әдебиет, өмiр, дәуiр қоғам жайында қызықты да тұмасы терең, ғибраты мол сырлар шертiледi.
Сондай-ақ атақты қаламгердiң өз оқырмандары жайлы жазғандары да хаттарды байыта түсер дәйек болып, ой салар ортақ өрiмiн тапқан. Көрнектi жазушы Ә. Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орайластырып шығарылып отырған бұл кiтаптың ғұмыры қалың оқырманмен бiрге жасап, елiмiздiң рухани қазынасына қосылар сүбелi үлес боларына сенiмдiмiз.