Бүгін өлкетану орталығында Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Әуезов және Әдебиет» атты әдеби зерттеу сабағы өтті. Оқырмандар «Жуан-жіңішке сұрақтар» арқылы жазушы өміріне саяхат жасай отырып, тың мәліметтермен танысты. Ұсынылған бірнеше шығармаларынан өздері таңдаған «Жетім» әңгімесін «Үздіксіз оқу» әдісімен бөліктерге бөліп оқып, мазмұны бойынша жоспар құрды. «INSERT» тәсілі арқылы кейіпкерлеріне мінездеме берсе, «Диалогтық әдіспен» тақырыбы мен идеясын ашып, әңгіме бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Әңгіменің тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді талдады.