Әр адамның тұрып жатқан ауласы екінші үйі сияқты. Өз аулаңда жайлы ортаны қалай жасау керек? «Читающие дома» жобасының оқырмандарымен кезекті кездесу осы тақырыпқа арналды. Шара «Арманыңыздағы ауланың макетін жаса» шығармашылық тапсырмасынан басталды.
Үлкен парақта олар ешкім күтпеген өздерінің ауласының көріністерін жасады. Балалардың қиялдары мен армандарында шек болмады: балалар қаласы, субұрқақ, бассейн, тоған, сахна…
Өкінішке орай, бірде-бір аула қоқыс жәшіктерінсіз болмайды.
Келесі тапсырманы орындамас бұрын, балаларға бүкіл жер шарында қоқыстарды қайта өңдеу туралы кітаптармен танысу ұсынылды.
Балалар топтарға бөлініп мәселені талқылап, оны қайта өңдеудің жолын ойлап тапты. Қатысушылар күтпеген нұсқаларды айтты: роботтар, қоқысты ұсақтауға арналған құрылғысы бар контейнерлер және т. б. Оның әрекет ету принципін түсіндіре отырып, өз нұсқаларын ұсынды. Барлығы «Тазалық тазаланған жерде емес, қоқыс тастамайтын жерде» деген сөзбен келісті.