ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ-ның 10 сынып оқушыларына «Өмір ғажап» атты тренинг өткізілді. Шара қонағы белгілі психолог, блогер, «Сана» білім орталығының директоры Калима Жайлыбай оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар беріп, қоғамда, отбасында жиі орын алатын қиындықтардан қалай шығудың жолы туралы айтып, әр оқушының көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. «Он жылдан кейінгі мен» техникасы арқылы шараға қатысушы оқушылардың болашақ арман-мақсаттары жайлы ойларын тыңдап, өз кеңесін беріп, бейнеролик тамашалатты. Шара соңында оқушылар «тілек ағашына» өз армандарын жазып, көңілді тарасты.
#балалар_психологы #өмір_ғажап #шқобжк #вкодюб