№43 мектептің 3-сынып оқушыларымен «Кітаппен бірге өсеміз!» бағдарламасы аясында «Әжемнің ертегілері» үзіліспен оқу өткізілді.

№43 мектептің 3-сынып оқушыларымен «Кітаппен бірге өсеміз!» бағдарламасы аясында «Әжемнің ертегілері» үзіліспен оқу өткізілді.

«Күннің шуағы» атты шаттық шеңберімен басталған сергіту сәтінен соң балалар өздері оқыған ертегілерімен бөлісті. Қатысушылар көпшілікке танымал болған «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» қазақ ертегісін үзіліспен оқып, ертегілер бойынша тапсырмаларды орындады.
Бұл ертегілерде көбінесе құнды тәрбиелік мән мен өмірлік сабақтарды жеткізеді. Ертегілер арқылы балалар адамзаттың ізгі қасиеттерін бойына сіңіреді, қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас қалыптасады. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сөз байлығын арттыруға көмектеседі.
Share