Демалыстарының соңғы күні No13 мектептің 4-сынып оқушылары кітапхананың өлкетану орталығында болды. Балалар Аблакетка ауданының тарихынан сыр шертетін көрмемен танысты. Көрмеде «Аблакетка. Ауылдың қысқаша тарихы» кітабы туралы, ол ауданда үйлер қалай салынды, көшелер қалай пайда болғаны жайлы кітаптың авторы Артём Смирнов баяндап берді.