Балалар әдебиеті жылы аясында басылып шыққан бұл кітабында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының балаларға арналған таңдаулы шығармаларының орысша аудармасы қоса беріліп отыр. Қазақ тілінен аударған – Сергей Рыбаков. Ақынның әр тақырыпты қамтыған, балалар әлемін балдай тілімен тамсандыра жырлаған өлеңдері мен аңыз-ертегілері жеткіншектерді туған ел мен туған жерді сүюге, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге шақырып, мейірімді, қайырымды болуға баулиды.