«Қош келдің, әз-Наурыз!» кітабынан ата-бабаларымыз ерте заманнан бері тойлап келген көктемнің ерекше мерекесі – Наурыз туралы білесің. Бұл – табиғаттың жаңаруын білдіретін, қуаныш пен шаттыққа, игі өзгеріске, үміт пен сүйіспеншілікке толы мереке. Наурызды Қазақстан ғана емес, Азияның көптеген елі және Еуропаның бірқатар елі тойлайды. Наурыз мерекесі туралы әндер жазылып, өлеңдер шығарылған. Кітапта қызықты бейнематериалдар берілген. Оларды QR-кодтардың көмегімен тамашалауыңа болады. Бейнематериалдар арқылы оқуың тартымды бола түседі. Сиқырлы сандықтағы қосымша материалдарды пайдаланып, шығармашылық қабілетіңді дамыта аласың!