Алдар көсе

Алдар көсе [Мәтін] : қазақ халық ертегілері / құраст. Г. Ақжолова. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. – 144 б.: суретті

Алдар Көсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз-әңгімелерде өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Алдар көсе қазақтың нанымында халықтың қамқоршысы ретінде белгілі. Оның әр қарекеті бай, менменсоқ, зорлықшыл адамдардың тәубесін есіне түсіріп, ақылмен алдап, ел алдында масқаралап, халық қошеметіне бөленген. Ол сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді. Жинақта Алдар туралы әңгімелер беріліп, суреттермен безендірілген. Оқуға тілі жеңіл, оқиғасы қызықты.

Share