Алина Тайга

Алина Тайга (Михайлина Галина Николаевна)23 шілде 1969 ж.

Галина Михайлина «Алина Тайга» деген бүркеншік атпен жазады. Ол 1969 жылы Лениногорск (қазіргі Риддер) қаласында дүниеге келген. Фортепиано сыныбы бойынша музыкалық мектепте оқыған, кейін Өскемендегі музыкалық училищені бітірген. 1989 жылы туған қаласына оралып, № 2 мектепте музыка пәнінің мұғалімі, балабақшада музыкалық қызметкер болып жұмыс істеді. Өлеңдер мен ертегілерді бала кезінен жаза бастаған. Әдеби шығармашылықпен шындап айналыса бастағанына көп болмағанына қарамастан, 600-ден астам шығарма жазды, оның ішінде өлеңдер, поэмалар, өлең және проза түріндегі әңгімелер бар, сондай-ақ «По мотивам Лукоморья» атты балалар ертегілер циклін құрастырды.

Галина Михайлинаның шығармашылығын кең аудиторияға «Рожденные в СССР» бағдарламасының авторы және жүргізушісі Владимир Глазунов «Ностальгия» арнасындағы тікелей эфирде таныстырды.

Галина Михайлина интернетте екі әдеби бетті жүргізеді, онда оқырмандарды өзінің шығармашылығымен таныстырады.

Галина Николаевнаның екі ұлы бар. Үлкені Германияда тұрады, ал кішісі неміс өлеңдерін тамаша мәнерлеп оқиды және мектептегі «Минута славы» байқауында анасының орыс тіліндегі ертегісін оқып, жүлделі орын алған. Галина Михайлина немістер қоғамының вокалдық тобында ән салады.

Алины Тайга шығармалары:

Тайга А. Баба Яга / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П.,2021.

Тайга А. На расстоянии касания: стихотворения / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П.,2021.

Тайга, А. Одиночество, или путь к себе / А. Тайга. – Усть-Каменогорск, ИП Аникин Б.П., 2021. – 68 с.

Тайга А. Откровения неба / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: Арго,2021.

Тайга А. Погружение: рассказы / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин, Б.П.,2021.

Тайга А. Сказка о Кощее бессмертном и богатыре / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П.,2021.

Тайга, А. Сказка о Русалке / А. Тайга – Усть-Каменогорск, ИП Аникин Б.П., 2021. – 16 с.: ил.

Тайга А. Сказка о Русалочке     / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П.,2021.

Тайга А. Сказка о царевне и буром волке   / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П.,2021.

Тайга А. Сказка о чудесах, лешем и летающей деве / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П.,2021.

Тайга, А. Сказка о Яге и Царевне / А. Тайга – Усть-Каменогорск, ИП Аникин Б.П., 2021. – 19 с.: ил.

Тайга, А. Сказочная шкатулка / А. Тайга. – Усть-Каменогорск, ТОО «ВКПК АРГО», 2021. – 72 с.: ил.

Тайга А. Царевна мышь / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П.,2021.

Share