Алматы –Тәуелсіздіктің алтын бесігі

Алматы –Тәуелсіздіктің алтын бесігі

?Алматы қаласының әкімшілігі және Алматы қалалық Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Алматы –Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты республикалық форумның екінші күні сәтті жалғасуда.
✅Форумда ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі жанындағы кітапхана ісі жөніндегі көркемдік кеңестің «Кітапхана және оқырман: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» тақырыбындағы отырыс болып өтті.
✅Көркемдік кеңесте ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Қойтанов Әділ Қаженбайұлы кітапханашыларды жыл сайын шетелдерге әртүрлі курстарға жіберіп отыру керектігі жөнінде айта келе, кітапханашылардың, кітапханалардың мәртебесін көтеру туралы бірқатар ұсыныстарды алға тартты.
✅Сондай-ақ, кітапхана басшыларын әдеби агент құрып, мемлекеттік тапсырыспен шығатын жаңа кітаптардың тиражын көбейтіп, әр өңірдегі жас ақын-жазушылардың кітаптарын мемлекеттік тапсырыспен шығару жолында Кітап палатасымен тығыз байланыста, бірге жұмыс жасауға шақырды.
✅ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, Қазақстаннынң еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы биылғы «Балалар әдебиеті» жылының нәтижесі мен жетістіктері туралы баяндады.
?Шара барысында ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында марапатталса, мекеме директоры – Гүлмария Балташқызы «Балалар әдебиеті» жылы аясында өскелең ұрпақтың мәдени деңгейін көтеру және балалар мен жасөспірімдер әдебиетін дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының алғыс хатымен марапатталды.
Share