Қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қазақ халқының ұмыт болып кеткен салт-дәстүрлерін жаңғырту арқылы сабақ барысында оқушыларға ұлттық құндылықтарды үйрету әдіс-тәсілдерімен танысты. “Алтын сақа” брейн-рингінде ою түстеріне орай топтарға бөлініп, «Қара. Ойлан. Орында», «Серпілген сауал», «Құпия зат», “Үш таяқша” әдістері арқылы тақырыпты меңгерді. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін жазушылар шығармаларымен танысты. Шара соңында берілген сөзді қолданып, сабақты қорытындылап, өз пікірлерімен бөлісті.