«Алғыс айту – парызым»

«Алғыс айту – парызым»

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебімен» бірлесіп, «Алғыс айту – парызым» атты онлайн конференциясын жоғары деңгейде өткізді. Конференция тізгінін «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің» тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Маржан Мұратбекқызы өз қолына алып, «Алғыс айту» мерекесінің ерекшеліктеріне тоқталып, конференция қонақтарына өз алғысын білдірді. Кітапханамыздың Көпшілік жұмыстар орталығының жетекшісі Ақерке Құмарбекқызы барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, шара қонақтарына сөз кезегін берді. Шара барысында Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері – психолог Марянян Карина Армиковна, облыстық «Алтай» телеарнасының тілшісі Даутовна Кристина Бакыткызы және Шет тілдер орталығының кітапханашысы Эбель Светлана Николаевна Қазақстан халқына ақжарма тілектерін арнап, алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, ақын, аудармашы, педагог, ұйғыр ұлтының құрметті азаматы Абдулжан Азнабакиев Қазақстан халқына деген жылы лебізін жолдады. Кітапхана қызметкері Дана Исағұлқызы да конференция қатысушыларын мерекемен құттықтап, өзінің “Көктем” өлеңін оқыды. Білімнің қос ордасы – мектеп пен кітапхана ұжымы бірлесе ұйымдастырған конференция соңында еліміздің болашағы – Аңсаған, Аяжан атты оқушылар өздерінің өлең шумақтарын оқыды.

 

 

Share

Пікір үстеу