“Ар мен білім – адамзаттың таразысы” атты жастар аралық турнир

“Ар мен білім – адамзаттың таразысы” атты жастар аралық турнир

ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен әрі “Ауыл партиясының” қолдауымен 23-ші сәуір ұлттық кітап күніне орай “Ар мен білім – адамзаттың таразысы” атты жастар аралық турнир өтті.
Турнир БПФ және АПФ форматтарында өтті. Турнирге ЖОО студенттері қатысып, өз ойларын ашық алаңда еркін білдірді. Пікірсайысшылар ішінде түрлі республика көлеміндегі турнирлерде топ жарған тәжірбиелі спикерлерде болды.
Дебат Мақсаты: қазақ зиялыларын және олардың туындыларын ардақтау. Олардың шығармаларын жаңа көзқараста талдау. Жастардың да ұлт зиялыларының еңбектерін кеңінен насихаттауына мүмкіндік беру.
Пікірсайысшылардың үздіктері іріктеу кезеңінен финалдық кезеңге өтіп, 1 ші орынды әрі кубокты сарапқа салды.
📌Нәтиже бойынша:
🏆ЖЕҢІМПАЗДАР: Тулегенов Диас&Төлегенов Еркебұлан.
🥈2 орын: Жарқын Айдос&Оралбеков Дәулет.
🥉3 орын:Сарсенбаев Жігер&Мукамет Марина
🏅ФИНАЛИСТТЕР:Еркінбеков Салауат&Жұматаева Ажар.
🏆Үздік спикер: Сарсенбаев Жігер.
🎗Үздік төреші: Әбіл Бота.
🔹️Барлық жеңімпаздар мен финалисттерге ауыл партиясының сыйлықтары табысталып, ұйымдастырушылар жеңімпаздарды жүлделі орындармен марапаттады!
Share