Асыл ана

Асыл ана

Сананы сәулелендіріп, көңіл көкжиегін кеңейтетін үлкендердің әңгімесі үлгі-өнегеге толы. Сондай жанның бірі – жазушы, журналист, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Мәуітқазы Зүкенұлы. Жақында Отбасы күні аясында кітапхана төрінде өткен «Татулықтың тірегі…» атты мерекелік шарамызға Мәуітқазы ата жары Күлпаш апамен бірге арнайы қонақ болып қайтты.

Бас қосу жиынының құрметіне кітапхана қорына «Жизнь и судьба – железнодорожный транспорт» кітабын және отбасы мен қызметтің тізгінін қатар ұстаған ардақты ана, асыл жар әрі белсенді қоғам қайраткері Афлиха Сапарғалиқызы жайлы жазылған «Асыл ана» атты ғұмырнамалық хикаятын сыйға тартып, жастарға ақ батасын берді. Рухани жан азығының өлшеміндей болған қазыналы оқырмандарымыз көп болсын!

 

Share