Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе

10 тамызда Қазақстан және күллі түркітілдес әлем қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, ағартушы, композитор, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың туған күнін тойлайды. Абайдың шығармашылық мұрасы – қазақ халқының келешек ұрпақ үшін мәңгілік маңызы бар рухани байлығы.

Бүгінде ұлы ақынның шығармашылығы Қазақстаннан тысқары жерлерде де танымал, оның шығармаларын оқитындар саны өте көп. Ақынның туындылары басқа ақындарды және күйшілерді, суретшілерді шабыттандырады. Абайдың мол мұрасы жалпыадамзаттық құндылықтардың ажырамас бір бөлігі.

Арбатта қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде олар жазушының өнегелі өмір жолымен, шығармашылық қазынасын бейнелейтін туындыларымен танысты. Сондай-ақ, ұлы ақын-ағартушы туралы облыс авторларының еңбектері: Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы, Борис Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» кітабы, Евгений Курдаковтың Абай өлеңдерінің аудармалар жинағы.

Көрменің негізгі дәйексөзі – ақынның өлеңінен (аударған Е. Курдаков) алынды. Әдебиеттерге шолу барысында оқырмандар Абай әлеміне үңілуге мүмкіндік алды. Қатысушыларды ақынның мол мұрасымен, «Қара сөздері» саналатын зерделі философиялық шығармасымен, Абай өмірінен қызықты деректермен таныстырып, оның шығармалары мен ұлы ақынға арнаған өлеңдері оқылды.

Share