Біздің мақсатымыз жыл бойы кітапхана оқырмандарын өңірдегі елді мекендердің қайталанбас тарихымен таныстыру болатын. Бірінші зерттеу нысаны бұрынғы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Шар қаласы болды.
Селфи-турға қатысқан оқушылар Шар қаласы жайлы көптеген қызықты мәліметтермен танысты. Шар қаласының өткені мен бүгіні туралы аңыздар, шынайы оқиғалар баяндалды. Шара барысында 1885 жылы ұлы Абайдың Шар топырағын басқанын, ондағы өткен съезде Абайды төбе би сайлағанынан хабардар болды. Сондай-ақ, Шар қаласына екінші тыныс әкелген Түрксіб темір жол құрылысы туралы біліп, онда инженер болып істеген жерлесіміз Мұхамеджан Тынышбаевтың өмір жолдарымен тереңірек танысты.
Шара соңында оқушылар Қыдырбек Мұсатаевтың Шар қаласы туралы жазған «Киелі Шар өңірі» кітабымен танысты.