Ағайынды Абдуллиндер: аңызға айналған дуэт

Ағайынды Абдуллиндер: аңызға айналған дуэт

Кітапханада халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің туғанына 105 жыл толуына орай «Ағайынды Абдуллиндер: аңызға айналған дуэт» атты шара ұйымдастырылды.

Шара барысында  Ағайынды  Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы Кунафина Қарлығаш Хасейінқызы атақты талант иелеренің шығармашылық өмірі мен өнерлерінің қалыптасу тарихы, қазақ өнерінің дамуына қосқан ерең еңбектері жайлы айтып, шара қонақтарын аталмыш училищенің көп жылдық тарихынан сыр шертетін мұражайымен таныстырды.

Сонымен қатар қатысушылардың назарына облысымыздағы Семей қаласы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының мәдениет ұжымы онлайн тәртібінде қосылып құттықтау сөздерін арнап, өнерлерін көрсетті.

Ағайынды Абдуллиндердің есімі берілген Өскемен қаласының өнер училищесінің дарынды студенттері республикамыздағы алғашқы орыс және шетел классиктерінің музыкалық шығармаларын қазақ тілінде орындаушыларды еске алып, әннен шашу шашты.

Share