«Ақбауырға саяхат» атты кітабымен танысу

«Ақбауырға саяхат» атты кітабымен танысу

Балалар жазушысы Күлмай Сембаевамен бірге кітап оқу шарасында оқырмандар «Ақбауырға саяхат» атты кітабымен танысты. Кітап автордың туған жерінде орналасқан әйгілі Ақбауыр тауының зерттеулері мен ашқан жаңалықтары туралы болды. Балалар Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бестерек ауылында туып-өскен белгілі ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, археолог, құрметті профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының археология кафедрасының меңгерушісі Зейнолла Самашевтың өмір жолымен танысты.
Кездесу барысында балалар «Ақбауыр» кітабындағы «Ақбауыр – киелі жер» аңыз-ертегісін дауыстап оқыды. Өз кезегінде автор аңыздың мән-мағынасын түсіндіріп, осы кітап жайында көптеген қызықты оқиғаларды әңгімелеп берді. Сондай-ақ Күлмай Сембаева балаларға туған жерлерінің әрбір тасы мен тауларының қасиетіне үңіліп, оларды ізденгіш, аңғарымпаз болып өсуге, өлке тарихын біліп, жан-жақты, білімпаз болуға шақырды.
Кеш соңында балалар авторға жақсы өнегелі әңгімесі үшін алғыстарын айтып, естелікке фотоға түсті.
Share