Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы (1950 ж.) – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, республикалық «Жігер» жастар фестивалінің, Ж. Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының жүлдегері, Халықаралық сыншы-әдебиетшілер Ассоциациясының дипломанты, «Құрмет» орденінің иегері.
1950 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында дүниеге келген. 1968 жылдан ауыл клубында меңгеруші болған. 1969-1973 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) филология факультетін тәмәмдаған. Әскери борышын өтеген соң, «Мектеп» және «Жалын» баспаларында редактор болып қызмет атқарады.
1980-1984 жж. Н. Ақыш «Қазақ әдебиеті» газетінде журналист, 1984-1986 жж. – «Жұлдыз» журналының қызметкері болған. Кейінгі жылдары «Қазақфильм» киностудиясында сценарист, «Қазақстан мұғалімі» газетінде, «Балауса» баспасында еңбек еткен.
Алғашқы әңгімелер жинағы «Қияда» 1972 жылы жарыққа шыққан. «Жұмбақ іздер» (1980), «Үндемейтін ұл» (1982), «Қиырдан келген көгершін» (1984), «Сынық домбыраның сазы» (1986), «Таң алдындағы дабыл» (1987), «Необыкновенное лето» (1989), «Жатақхана қыздары» (1990), «Ұры қыздың тағдыры» (2001), «Алтынбектің балалық шағы» (2003), «Балалар елін бағындыру» (2005), «Зұлмат жылдары қазақ прозасында» (2005), «Бейуақта жанған от» (2010), «Момақан қыз» (2011), «Екі томдық таңдамалы шығармалары» (2011), «Қазақ мемуарлық романы» (2011), «Замана рухы» (2014), «Рақымсыз көктем» (2016) және т.б. кітаптары жарық көрген.
Оның балаларға арналған шығармалары мектеп оқулықтары бағдарламасына енген.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Тәуелсіздік дәуірі әдебиеті және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері.
Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы».
Н. Б. Ақыш шығармалары
Ақыш, Нұрдәулет. Тау ішіндегі тауқымет / Н. Ақыш. – Алматы : Мазмұндама, 2024. – 360 б. : сурет. – (Мектеп кітапханасы). –
Ақыш, Н. Нағыз әже қайда? : повесть, әңгімелер, ертегілер / Н. Ақыш. – Алматы : Мазмұндама, 2022. – 208 б. – (Мектеп кітапханасы).
Ақыш, Н. Тау ішінде тауқымет : хикаяттар, әңгімелер / Н. Ақыш. – Алматы : Алаш, 2021. – 384 б. – (Балалар әдебиеті жылы).
Ақыш, Н. Аласа таулар аясында : роман / Н. Ақыш. – Алматы : Алматы-Болашақ, 2020. – 320 б.
Ақыш, Н. Махаббатпен арашалау : әңгімелер мен хикаяттар / Н. Ақыш. – Алматы : Palitra-Press, 2019. – 344 б.
Ақыш, Н. Шығармалары [Мәтін]. 1-т. Повестер / Н. Ақыш. – Астана : Фолиант, 2011. – 456 б. : портр. – (Алтай-Ертіс кітапханасы
Ақыш, Н. Алтынбек Қоразбаев (Балалық шағы…) [Мәтін] : деректi повесть / Н. Ақыш. – Алматы: Балауса, 2003. – 138 б. – (Білімнің асқақ өнері).
Н.Ақыш шығармаларының мерзімді басылымдардағы жарияланымдары
Ақыш, Н. Жабырқау жандардың жоқтаушысы [Мәтін] / Н. Ақыш // Қазақ әдебиеті. – 2020. – 7 ақпан (№6). – Б. 3.
Ақыш, Н. Көркем кеңістік [Мәтін] / Нұрдәулет Ақыш // Жұлдыз. – 2018. – №1. – Б. 202-207.
Ақыш, Н. Мемуардағы Алаш шежіресі [Мәтін] / Н. Ақыш // Жалын. – 2018. – №5. – Б. 57-58.
Ақыш, Н. Сюжеттік желідегі айшықты астарлар [Текст] / Н Ақыш // Жұлдыз. – 2017. – № 5. – Б. 201 – 204.
Ақыш, Н. Детективтік шығарма сюжеті және реалистік ұстаным [Мәтін] / Н. Ақыш // Керуен. – 2016. – №5. – Б. 13-20.
Ақыш, Н. Қырман басындағы қызықтар [Мәтін] / Н. Ақыш // Ана тілі. – 2016. – 22-28 қыркүйек (№38). – Б. 10 : фот.
Ақыш, Н. Тәуелсіздік дәрістері [Мәтін] / Н. Ақыш // Керуен. – 2016. – №6. – Б. 3-9. – (Қазақстан тәуелсіздігіне – 25 жыл!).
Ақыш, Н. Ұлт азаттығының парасатты панорамасы [Мәтін] / Нұрдәулет Ақыш // Жұлдыз. – 2016. – №2. – Б. 201-208.
Ақыш, Н. Ыбырай Алтынсарин прозасы [Мәтін] / Н. Ақыш // Керуен. – 2016. – №2. – Б. 129-135.
Ақыш, Н. Аласа таулар аясында [Мәтін] / Н. Ақыш // Жұлдыз. – 2015. – №10. – Б. 65-115.
Ақыш, Н. «Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек…» [Мәтін] / Н. Ақыш // Абай. – 2015. – №4. – Б. 35-39.
Ақыш, Н. Көкжиегі кең көркемдік пайымдаулар [Мәтін] / Н. Ақыш // Жас Алаш. – 2015. – 13 қаңтар (№3). – Б. 5 : фот.
Ақыш, Н. Көркем сөздің ұстасы [Мәтін] / Н. Ақыш // Та-Шолпан. – 2015. – №6. – Б. 127-134.
Ақыш, Н. Өндірістік практикада [Мәтін] / Н. Ақыш // Жалын. – 2015. – №6. – Б. 24-34.
Ақыш, Н. «Халықты тілмен қорғадым» [Мәтін] / Н. Ақыш // Ана тілі. – 2015. – 17-23 қыркүйек (№37). – Б. 6-7 : фот.
Ақыш, Н. Бір бірін көрмей үйленген [Мәтін] : хикаят / Н. Ақыш // Жалын. – 2014. – №7. – Б. 85-88.
Ақыш, Н. Валетка [Мәтін] : әңгіме / Н. Ақыш // Қазақ әдебиеті. – 2014. – 7 ақпан (№6). – Б. 14 : портр.
Ақыш, Н. Кейіпкерлері – қаламдастары [Мәтін] : (Ұлықбек Есдәулеттің көркем публицистикасы жөнінде) / Н. Ақыш // Жалын. – 2014. – №4. – Б. 39-40.
Ақыш, Н. Көркем сөзге көрсетілген құрмет [Мәтін] / Н. Ақыш // Ана тілі. – 2014. – 16-22 қазан (№41). – Б. 3 : ил.
Ақыш, Н. Қабанбай батырдың қарулас інісі [Мәтін] / Н. Ақыш // Дидар. – 2014. – 28 тамыз (№99). – Б. 22 : ил.
Ақыш, Н. Қазақ көсемсөзіндегі ұлттық мәселелелер [Мәтін] / Нұрдәулет Ақыш // Жұлдыз. – 2014. – №10. – Б. 164-170.
Ақыш, Н. Қасіретті кезеңдердің ортақ кейіпкері [Мәтін] / Н. Ақыш // Үш қоңыр. – 2014. – 14 ақпан (№7). – Б. 4.
Ақыш, Н. Рақымсыз көктем [Мәтін] : хикаят / Н. Ақыш // Жұлдыз. – 2014. – №2. – Б. 3-50.
Ақыш, Н. Түкпірдегі ауылдың түтіні [Мәтін] : әңгіме / Н. Ақыш // Өтүкен. – 2014. – №2. – Б. 125-140.
Ақыш, Н. Айдын және оның үш досы [Мәтін] : ертегі / Н. Ақыш // Балдырған. – 2013. – №5. – Б. 41-45.
Ақыш, Н. Балалар елі кімге бағынады? [Мәтін] : ертегі / Н. Ақыш // Балдырған. – 2013. – №4. – Б. 37-43.
Ақыш, Н. Босағада ұрсысқан бойдақтар [Мәтін] : әңгіме / Н. Ақыш // Ана тілі. – 2013. – 19-25 қыркүйек (№37). – Б. 10.
Ақыш, Н. Латын әрпі: көшеміз бе, жоқ па? [Мәтін] / Нұрдәулет Ақыш // Жұлдыз. – 2013. – №10. – Б. 167-172.
Ақыш, Н. Өзек өртеген өзекті мәселе [Мәтін] / Н. Ақыш // Ақиқат. – 2013. – №7. – Б. 87-91.
Ақыш, Н. Үнсіз қоштасу [Мәтін] : әңгіме / Н. Ақыш // Ана тілі. – 2013. – 10-16 қаңтар (№2). – Б. 10.
Ақыш, Н. Шала ұйқылы саудагер [Мәтін] : әңгіме / Н. Ақыш // Жұлдыз. – 2013. – №4. – Б. 94-102.
Ақыш, Н. Зары өткен перзент [Мәтін] / Нұрдәулет Ақыш // Жұлдыз. – 2012. – №11. – Б. 155-160.
Ақыш, Н. Қаламымен қалың жұртты қаратқан [Мәтін] / // Керуен. – 2012. – №4. – Б. 161-166.
Ақыш, Н. Таланты тиянақты, еңбегі еселі [Мәтін] / Н. Ақыш // Керуен. – 2012. – №1. – Б. 104-110.
Ақыш, Н. Эстетикалық биіктер деңгейінен көрінейік [Мәтін] / Н. Ақыш // Қазақ әдебиеті. – 2012. – 25 мамыр (№21). – Б. 3.
Ақыш, Н. Қалмақтан қашқан Қыстаубай [Мәтін] : әңгіме / Н. Ақыш // Жалын. – 2011. – №6. – Б. 38-43.
Ақыш, Н. Туындыгерлік тәжірибенің толыққан кезеңі [Мәтін] / Нұрдәулет Ақыш // Жұлдыз. – 2011. – №3. – Б. 149-152.
Ақыш, Н. Ұлы ғашықтар ұрпағы [Мәтін] : хикаят / Н. Ақыш // Таң-Шолпан. – 2011. – №2. – Б. 85-137.
Ақыш, Н. Қиқар жауынгер [Мәтін] / Н. Ақыш // Жұлдыз. – 2010. – №10. – Б. 41-81.
Ақыш, Н. Жігіт таңдаудың шебері [Текст] / Н. Ақыш // Қазақ әдебиеті. – 2009. – 2 қазан (№42) . – С. 9.
Ақыш, Н. Сан қырлы талант [Мәтін] : художественная лит-ра / Нұрдәулет Ақыш // Жұлдыз. – 2009. – №5. – Б. 169-173.
Ақыш, Н. Тұлғалы дарын [Текст] / Н. Ақыш // Керуен. – 2009. – № 04. – С. 164 – 170.
Ақыш, Н. Жеке тұлғаларға жете үңілген [Текст] / Нұрдәулет Ақыш // Жұлдыз. – 2008. – № 2. – С. 194 – 196.
Ақыш, Н. Қазақ қасіретінің суреттері [Текст] / Нұрдәулет Ақыш // Таң-Шолпан. – 2008. – № 2. – С. 176 – 181. – (Рецензия).
Ақыш, Н. Қазақ мемуаристикасының қарлығашы [Текст] / Н. Ақыш // «Қайнар» университетінің хабаршысы = Вестник Университета «Қайнар». – 2008. – № 2/2. – С. 84 – 88.
Ақыш, Н. Ақиқатты ашқан қос шығарма [Мәтін] / Нұрдәулет Ақыш // Жұлдыз. – 2004. – №5. – Б. 185-187.
Ақыш, Н. Қасіретті жылдар суреті [Мәтін] / Нұрдәулет Ақыш // Жұлдыз. – 2003. – №10. – С. 180-185.
Н. Ақыш туралы әдебиет
Орда, Г. «Бейуақта жанған от» [Мәтін] / Орда Г. // Жұлдыз. – 2011. – № 8. – Б. 182-187. – Жазушы Н.Ақыштың “Бейуақта жанған от” атты жинағы жайында.
Чаяхметова, М. Реалистік өрнектер [Мәтін] / Чаяхметова М. // Түркістан. – 2012. – 29 наурыз- 10. – Жазушы Н.Ақыштың «Бейуақта жанған от» прозалық жинағы жайында.
Ысқақұлы, Д. Қазақ қариялары қаламгер көзімен… [Мәтін] / Ысқақұлы Д. // Жұлдыз. – 2010. – № 3. – Б. 131-134. – Қаламгер Н. Ақыш туралы.
Қаламгер, әдебиеттанушы [Текст] // Қазақ әдебиеті. – 2016. – 22 – 28 сәуір (№ 17). – 2 . – Әдебиеттанушы-ғалым Н. Ақыштың шығармашылығына арналған кеш өтті.
Дүйсенбекова, А. Дәстүрге адалдық : [Нұрдәулет Ақыш прозасындағы ұлттық тәрбие мәселесі] / А. Дүйсенбекова, А. Картаева. – Мәтін // Ақиқат. – 2025. – №2. – Б. 91-94.
Құсанбаев, С. Нұрдәулет Ақыштың әдеби әлемі : [А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Нұрдәулет Ақыштың әдеби әлемі» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті] / С. Құсанбаев. – Мәтін (визуалды) // Дидар. – 2025. – 1 мамыр (N18). – Б. 20.
Мәдібаева, Қ. Алтынсарин жаққан алау : жазушы Нұрдәулет Ақыштың кітабы туралы / Қ. Мәдібаева. – Мәтін (визуалды) // Қазақ әдебиеті. – 2025. – 11 шілде (№27). – Б. 21.
Мұхтар, Қ. Шығармасы шымыр жазушы : жазушы Нұрдәулет Ақыш туралы / Қ. Мұхтар. – Мәтін (визуалды) // Ана тілі. – 2025. – 17 шілде (№27). – Б. 7.