«Балалық шақтың гүлденген ғаламшары» сабантой

«Балалық шақтың гүлденген ғаламшары» сабантой

Кітапхана ауласында оқырмандарға жазғы демалыстың басталуына байланысты дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін «Балалық шақтың гүлденген ғаламшары» атты Сабантой ұйымдастырылды. Мерекелік шара көңілді флешмобпен басталды. Мерекенің көңілді кейіпкерлері Күлдіргі мен Бүлдіргі шараға қатысушыларды жазғы демалыстарымен құттықтап, арнайы дайындалған бекеттерге саяхаттауға шақырды. «Көңілді шеберхана. Веселая мастерская», «Summer game fest», «Ғажайып ән», «Ұлттық ойындар әлемі» бекеттерінде қатысушылар қызықты ақпараттар алып, түрлі тапсырмаларды орындады. Сондай ақ, кітапханаға жаңадан келіп түскен балаларға арналған кітаптар да назардан тыс қалмады. Шара соңында балаларға тәттілер таратылып, мерекелік әннен шашу шашылды.

 

Share