20 шілдеде Рухани Жаңғыру бағдарламасының аясында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, ШҚО Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының маманы С.Т. Курмамбаевамен “Бала:заманауи заң шеңберінде” атты кездесу өтті.
Кездесу барысында Сәуле Тлеухановна «мемлекет», «азамат», «құқықтар мен міндеттер», «заң» сияқты анықтамаларға тоқталды. Сәуле Тлеухановна кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен міндеттеріне арналған қолданыстағы заңнама нормаларына баса назар аударды. Оқырмандар кәмелеттік жасқа толмағандардың заң бұзған жағдайда құқықтық жауапкершілігінің түрлері туралы білді (әкімшілік, қылмыстық). Сондай-ақ, сұхбат жасөспірімдердің еңбегі, олардың мүліктік құқықтары мен кәмелетке толмаған тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты болды. Өмірден алынған бірнеше жағдаяттар талқыланды, әркім өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алатын қызықты сұхбат орнады.
Қатысушылар өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда қайда хабарласуға болатындығы жайлы ұсыныстар алды.
Кітапхана қызметкерлері тақырыптық кітап көрмесін дайындады, онда өзекті тақырып бойынша әдебиеттер мен қосымша ақпараттар ұсынылды.