Үйірменің кезекті шарасы аясында кітапхана қызметкерлері сабақты Өскемен қаласының №9 орта мектебінің оқушыларымен өткізді. Сабақ барысында балалар әдеттегідей қорымыздың ағылшын тіліндегі қызықты кітаптармен танысып, шығармалардың сюжеттері бойынша қызықты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, оқырмандар өздерінің білімдерін ертегілердің әртүрлі кейіпкерлеріне тиесілі жасырын заттарды алдын-ала болжай отырып, өздері салған визуалды бейнелермен бекітті. Сонымен қатар, балалар «Edible/Inedible» (жеуге болатын/жеуге болмайтын сөздер) ойынындағы ағылшын сөздерін, есте сақтау мен назарын дамыту ойындарын және «Find the color»(түсті тап) белсенді ойындарын ойнады.