Бар жақсылық алғыстан басталады

Бар жақсылық алғыстан басталады

Бүгін кітапханада «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» 7-сынып оқушылары 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Бар жақсылық алғыстан басталады» достық алаңында кездесті.

Іс-шара тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі, шексіз алғыстарытуралы естеліктермен басталды. Азап пен тозаққа толы«АЛЖИР» лагері жайында бейнеролик көрсетілді. Қазақ халқы қиын–қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым – қатынастың өнегелі өлшеміне айналғаны түсіндірілді.

«Ал, біз алғыс айта білеміз бе?» деген сұраққа оқырмандар өз ойларын қағазға түсіріп, ауызша және іс-қимылмен де көрсете білді.

Алғыс туралы мақал-мәтелдерді құрастырып, қолдарына берілген әріптермен өз алғыс, тілектерін жеткізді.

«Тыныштық сәті» әдемі әуеннің көмегімен өкпе-реніштерін қағаз бетіне түсіріп, кешірімді болуды үйренді, көршілеріне алғысқа толы хат жазып табыстады. Сондай-ақ, түрлі жағдаяттарды шешіп, жаттығулар орындауда белсенділік танытты.

«Неғұрлым көп алғыс алған адам бақытты болады» дегендей бастысы – алғыс айта білуді үйренді.

Share