Дойл, А. К. Баскервильдер иті: детективті хикаят / А.К.Дойл, [ауд. Е. Шамшадин] . – Астана: фолиант, 2023. – 184 б. . (Әлемдік детектив шеберлері)

Ағылшын жазушысы Артур Конан Дойлдың төл туындылары әлем әдебиетінің дамуына жаңа бағыт әкелді. Шерлок Холмс туралы детектив әңгімелер Конан Дойлды тек Англияда ғана танымал етіп қоймай, сонымен қатар әлемдегі мықты жазушылардың қатарына қосты. Оқырманға ұсынып отырған «Баскервильдер иті» атты шығармада да Шерлок Холмстың детективтік бейнесін көреміз.. Аталмыш кітапта танымал тыңшының оқиғасы өте қызық өрбиді. Оқиғаның сюжеті жұмбақ жағдайда қайтыс болған Чарльз Баскервильдің өлімін тергеуге негізделген. Баскервильдер отбасындағы шайтан ит туралы құпия аңыз ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Шерлок Холмс пен дәрігер Уотсон бұл істі тергеуге кіріседі.

Share