Батырлық жыр дастандар. / құраст.: Әбілқайырова П. – Алматы: Абай, 2024. – 404 б.

Батырлар жыры – әр халықтың тарихындағы елеулі кезеңдерді жырлайтын, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі жоғары халықтық шығармалар. Батырлық жырлар тарихта болған шың оқиғадан өрбіп, оны жеткізушілер әртүрлі көлемде, әр қилы таным-талғам тұрғысынан жырлап, мезгіл өткен сайын толықтырып, жаңартып отырған. Бұл  кітапта қазақ халқынынң классикалық үлгідегі танымал эпостары «Алпамыс батыр» мен «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» және «Ер Тарғын» жырлары енгізілген. Туындылардың сюжетінде бағзы замандар дүниетанымы, наным-сенімдері бертіндегі эпостық дәстүрмен жымдаса өріліп, тамаша үйлесім тапқан.

Share