Бағдаршам

Бағдаршам

Кітапхана қызметкерлері «З.Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-нің 3-сынып оқушыларына «Бағдаршам. Библиотечная полиция: детям о ПДД» атты ойын сағатын өткізді. Қызықты ойын ойнау арқылы жаяу жүргіншілерге арналған жолда жүру ережелерін естеріне түсіре отырып, алғашқы бағдаршамның пайда болуы туралы ақпаратқа қанықты. Берілген ақпараттар кішкентай бүлдіршіндерге күнделікті жиі кездесетін жол белгілерінің мағынасын білуге көмектесті. «Қызыл», «Жасыл», «Сары» атты үш топқа бөліне отырып «Бағдаршам – жол атасы» викторинасына қатысып, танымдық ойындар арқылы жол белгілерін құрастырды. . Сондай-ақ, сабақ барысында «Байқа, балапан!» атты бейнеролик көрсетіліп, қала көшелеріндегі қауіпсіздік ережелері жинақталған «Абайла: бағдаршам!», «Айналайын, абайла!» «Жаяу жүргіншілер мектебі» атты кітаптарынан тапсырмалар орындалды.

Share