Әлем – ұзақ уақыттан бері әйел махаббатына негізделген. Әйел бейнесі барлық ғасырларда ақындарды, суретшілерді, әншілерді, композиторларды және тіпті ғалымдарды шабыттандырды. Әлемде туғаннан бастап әрқашан бізбен бірге болатын адам – Ана.
Бүгін біз бір емес бірнеше мамандықтың иесі, көп балалы ана Алма Сайлауқызымен онлайн сұхбаттастық. Сұхбат барысында Алма Сайлауқызының жуырда ғана жарық көрген «Бақытты келіншек» атты кітабы таныстырылып, оқырман мен автор арасында диалогиялық байланыс орнатылды, кітапхана оқырмандары авторға өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап ала алды.
Қызықты кітап – оқырманға жаңа әсер қалдырады, көкжиегін кеңейтеді, өмірлік тәжірибелеріне енеді. Олай болса, біз жас оқырмандарымызға жаңа туындыны оқуды ұсынамыз.