Жаңа оқу жылында «Библиоша» оқу академиясы өз жұмысын жалғастыруда. Академия қатысушылары кітапханамызда 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай бас қосып, үш тілдегі ертегі кітаптарымен танысты.Ұлдар тобы үш тілдегі «Алдар Көсе» ертегісін рөлдерге бөліп оқып, оқиға желісімен шағын қойылым қойды. Ал қыздар тобы екі тілде жазылған «Ажалдан құтқарған ақылды сөз» яғни, «Умное слово, спасшее от беды» кітабын екі тілде оқып, мазмұнын айтты. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, ұрпақ санасында мемлекеттік тілімізбен қатар өзге тілдерге деген құрмет сезімін қалыптастыру кітапханашылардың басты міндеті.