Бүгін кішкентай оқырмандармен «Біз салауатты өмір сүреміз!» атты эстафета-сабақ өтті. Оқырмандар кітаптар арқылы басты байлық денсаулықтың маңызымен танысты. Сұрақтарға жауап беріп, балалар пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, суреттер арқылы 2 топқа бөлініп, ойындар ойнады. «Шапалақ» ойыны арқылы денсаулыққа пайдалы және зиянды тағамдарды анықтаса, «Жүзден жүйрік» ойынында доппен жарысты. Ал «Кім жылдам?» ойынында есеп шығара отырып балалардың шапшаңдығы мен тапқырлығы анықталды. Тақырыпқа байланысты сурет қиындыларын құрастырып, қорғады.