«Біз – тәуелсіздік ұрпағымыз» атты тағылымды қымызхана бағдарламасы жоғары деңгейде өтті.
Кеш қонақтары: Желтоқсан оқиғасына қатысқан Ерболат Әлпиев Сейфоллаұлы, Ақшабақов Өмірлен Әмірханович, Бакужанова Бақытгүл Нұркумаровна, Шошенова Бақытгүл Тұлғатбековна, Абетаева Гүлнара Закеновна болды.
Бағдарлама барысында жас ақындар Әли Ермекұлы, Жамханова Айым, Марина Мұқамет, Расул Идаятов тәуелсіздік пен Желтоқсан рухына арналған арнауларын оқыды.
Кешке келген әрбір оқырман мен қонақ өткен тарихпен терең жүздесіп,
тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін, оның артында қан мен көз жасы, қайсар рух пен қайтпас жігер жатқанын айқын сезінді.
Бұл рухани басқосу жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілікті,
тәуелсіздікке деген құрмет пен жауапкершілікті сіңірген тағылымды бағдарлама болды.


