Бүгін кітапханамызда Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушыларына «Білім еліне саяхат» атты танымдық іс-шара өткізілді. Саяхаттың алғашқы кезеңі – «Білім шамшырағы» атты бөлімінен басталды. Бұл бөлімде балалар өз білімдерін еске түсіріп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Келесі кезеңде балалармен көңілді сергіту сәті ұйымдастырылды. Шараға арнайы ертегі кейіпкері қатысып, балалармен қызықты ойындар ойнап, ерекше тапсырмалар орындатты. Оқушылар белсенділік танытып, топпен жұмыс істеу барысында бір-біріне көмектесіп, ұйымшылдық көрсетіп өз өнерлерімен де бөлісті. Саяхаттың келесі аялдамасы – «Білім бастауы – кітап» атты кітап көрмесі болды. Балалар көрмемен танысып, түрлі жанрдағы кітаптар туралы ақпарат алды. Көрмеде ұсынылған балалар әдебиеті ерекше қызығушылық тудырды. Бұл шара оқушыларға кітаптың адам өміріндегі орнын, білімнің шамшрақ екенін тағы бір дәлелдеді. Қорытынды сөзде кітапхан ұжымы «Кітап – сарқылмас қазына, білім – таусылмас байлық» екенін есте сақтап, кітаппен дос болып, білім көкжиегін кеңейте берулеріне тілек білдірді.
