Бүгін «Бір ел – бір кітап» акциясы негізінде Қ.Нұрғалиев атындағы №43 орта мектепте «Көркем шығарма шебері» әдеби сағаты өтті. 8 – сынып оқушылары Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесін зерттеп, кейіпкерлердің сырлы әлеміне үңілді. Әдеби сағат қызықты әрі интерактивті өтті! Оқушылар автор туралы бейнеролик көріп, викторина сұрақтарына жауап берді, «Қараой» әңгімесінің мазмұнымен танысты . Әңгімедегі оқиғалар мен кейіпкерлердің тағдырын талқылау барысында оқушылар тек әдеби талдау ғана жасаған жоқ, сонымен қатар адамгершілік құндылықтар, достық пен әділеттілік тақырыптарын да ой елегінен өткізді.








