Құрметті оқырмандар!
2025 жылғы 10 сәуір – 10 мамыр аралығында әділет органдары өткізетін «Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында сіздерді «Вместе против контрафакта» тақырыбындағы республикалық фотосуреттер сайысына қатысуға шақырамыз.
Сайысқа қатысуға 14 жастан 18 жасқа дейінгі жас санатындағы Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.
Сайыс контрафактілік өнімге теріс көзқарасты қалыптастыруға, зияткерлік меншік саласындағы сауаттылық деңгейін арттыруға және түпнұсқа контентті ілгерілетуде жастар бастамаларын қолдауға бағытталған.
2025 жылғы 12 мамырда Сайыс жұмыстарын бағалау қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қатысу шарттары біздің кітапхананың сайтында орналастырылған Республикалық сайыс туралы Ережеде көрсетілген
Контрафактіге бізбен бірге «жоқ» деп айтыңыз!