«Волшебный клубок» тоқыма үйірмесі

Тоқу – қолөнердің ең қызықты, өте пайдалы түрлерінің бірі. Тоқу қолдар мен саусақтардың тұрақты қозғалысын қамтиды, яғни тоқу ептілікті дамытады. Қазіргі әлемде тоқу – біздің өміріміздің таптырмас бөлігі және өте танымал хобби.

Біздің кітапханада «Волшебный клубок»» атты  тоқыма үйірмесі бар екенін хабарлаймыз.

Біздің үйірме сізге қолмен тоқу шеберлігін меңгеруге алғашқы қадамдарыңызды жасауға көмектеседі деп сенеміз! Барлықтарыңызды  қатысуға шақырамыз!

Уақыты: сенбі – 14.00

Жасы: 7+

Үйірме жетекшісі: Оразаева Альмира Рамазанқызы

Тел: 87775193510


20.09.2025

20 қыркүйекте тоқыма үйірме сабағында тұрақты қатысушылар жаңадан келген қатысушыларға алғашқы ілмектерді игеруге көмектесті. Жылы және достық атмосферада қыздар бір-біріне қолдау көрсетіп, тәжірибе мен пайдалы кеңестермен бөлісті. Бірлескен жұмыстың арқасында жаңадан келген балалар жұмысты тез игеріп кетті, ал тұрақты қатысушылар өздерін нағыз тәлімгер ретінде сезіне алды.


30.05.2025

30 мамыр күні «Волшебный клубок» үйірмесінің кітапханамыздың жайлы атмосферасында өткен кезекті кездесуінде қатысушылар ілмекпен тоқу негіздерін үйренуді жалғастырды. Бұл жолғы сабақтың тақырыбы — ең танымал әрі әмбебап өрнектердің бірі — «әженің квадратымен» танысу болды. «Әженің квадраты» өрнегі тек әдемі ғана емес, сонымен қатар өте қолайлы болып шықты — осы өрнек арқылы ерекше аксессуарлар, жылы киімдер, көрпелер мен интерьерге арналған түрлі бұйымдар жасауға болады. Сабақ жылы әрі достық жағдайда өтті: қатысушылар өз идеяларымен бөлісіп, бір-біріне көмектесті, дайын бұйым үлгілерінен шабыт алды.


27.04.2025

27 сәуірде Ұлттық кітап күніне орай «Волшебный клубок» үйірмесінің жас шеберлері өз жұмыстарын ерекше кітап бетбелгілерін жасауға арнады.

Түрлі-түсті жіптер мен қиялдың көмегімен олар өз идеяларын кітапқа арналған бірегей бетбелгілерге айналдырды.

Ою-өрнекпен, гүлдермен және күлкілі бейнелермен безендірілген бетбелгілер енді сүйікті кітаптардың беттерін ұқыпты сақтайтын болады.

Бұл шеберлік сабағы қыздарға пайдалы дағдыны меңгеріп қана қоймай, маңызды шараға өз үлестерін қосып, кітаптың өміріміздегі маңызын тағы бір мәрте сезінуге мүмкіндік берді.

Share