28 желтоқсан күні сағат 12:00-де «Гостиный двор» сауда кешенінде «Кітаппен жаңа жылға!» атты мерекелік кітап көрмесі өтті . Іс-шара алдағы Жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылып, қонақтарға нағыз сиқырлы көңіл күй сыйлады.
Жас оқырмандарды ертегі кейіпкерлері — Ақшақар мен Гарри Поттер қарсы алды . Сиқырлы кейіпкер балаларды өзінің жаңа жылдық кітаптар жинағымен таныстырып, оларды қызықты оқиғалар мен ғажайып ертегілер әлеміне жетеледі.
Ақшақар балаларға Аяз атаның арнайы тапсырмаларын орындауды ұсынды. Дұрыс жауап берген қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.
Көрме жылы да мерекелік атмосферада өтті. Ол балалар мен ата-аналарға ғажайыпқа толы әсер сыйлап қана қоймай, кітаптың сиқырлы әрі таңғажайып жаңалықтарға толы тұтас бір әлем екенін еске салды. Іс-шара барысында «Жаңа жылды жақсы кітаппен қарсы алу — шабыт пен тың білімге бастайтын жарқын қадам» деген ойға айрықша мән берілді.










