Гребенщиков Георгий Дмитриевич

Гребенщиков Георгий Дмитриевич (1882-1964) – журналист, этнограф, жазушы, әдеби сыншы, қоғам қайраткері.

Георгий Гребенщиков Шығыс Қазақстан облысы Николаевскі кенішіне қарасты, Шемонаиха ауданы, Каменевка ауылында (қазір бұл ауыл жоқ) көп балалы кенші отбасында дүниеге келген. Аяқталмаған бастауыш білімі бар, Семей қаласында ыдыс жуушы, дәріханашы оқушысы, санитар, орманшы көмекшісі, әлемдік төреші хатшысы, нотариустың іс жүргізушісі болып жұмыс істеген. Мұғалім Людмила Николаевна Степановаға үйленіп, Семейден 45 верст қашықтықта жер учаскесін алып, шаруашылыкпен айналысты.

«Семипалатинский листок» газетінде «Крестьянин Г.» деген лақап атпен алғашқы әңгімелері, очерктері мен өлеңдері жарық көреді (1904-1905). 1906 жылы «Отголоски сибирских окраин» атты алғашқы кітабы шығады.

1907 жылы Георгий Дмитриевич Өскеменге көшіп келіп, Семитава тауларының маңындағы Ертістің сол жағалауында тау-кен өндірушілері Часовниковтар ашқан «Удалый» алтын кенішінің қызметшісі, содан кейін басқарушысы болып жұмыс істейді.

1909 жылы Г. Н. Потаниннің шақыруымен «Молодая Сибирь» (Томскі) журналының жауапты хатшысы болады. Этнографиялық және тұрмыстық бақылаулар нәтижесі қорытындысымен, Алтай саяхаттары жайлы мақала, баяндама жасап, «Река Уба и убинские люди», «Алтайская Русь» тарихи-этнографиялық очерктерін жариялайды. 1912 жылдан Г. Н. Потаниннің ұсынысымен Г. Гребенщиков «Жизнь Алтая» барнауылдық газетінің редакторы болған.

1913-1916 жж. «Ханство Батырбека» (1913), «Волчья жизнь» (1913), «Любава» (1916), «Лесные короли» (1914), «На Иртыше» (1915), «Степные вороны» (1915) сияқты маңызды әдеби туындыларын жазады. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде алтайлық әсерге толы – «Чураевы» романының алғашқы бөлімін аяқтайды.

1916 жылдың басынан бастап Сібір санитарлық отрядының басшысы ретінде майдандағы әскерде қызмет атқарады. Мәскеудегі «Русских ведомостях» газетінде оның майданнан жазған репортаждары мен корреспонденциялары жарияланады.

Жазушының ерекше еңбегі – Қазақстандағы театр өнерінің қалыптасуына қосқан үлесінде. «Қысқаша энциклопедия ҚазССР» (Алматы, 1991) атты мақаласында «Театр» бөлімінде мынадай жолдар бар: «Төңкерістен бұрын халық өнерінің көркем дәстүрлері толық дамыған жоқ. 1905–1907 жылдардағы Ресейдегі революция Қазақстандағы мәдени өмірді көтерді. Гребенщиков «Даңқты жігіт» («Джаксы джигит», 1907) атты пьеса жазып, оның сюжетін қазақ халқының тұрмысын негізге ала отырып құрды. Пьесаың қазақша атауы – «Жаксы жігіт», орысша атауы «Добрый молодец». «Қойылымды орыс және қазақ тілінде Прииртыш тұрғындарының қырғыз халқына арнаймын» – деген автордың арнауы бар. Пьесаның титулдық бетінде Гребенщиковтың қолтаңбасы бар: «Ең жақын досым Алексей Николаевич Белослюдовқа. Автор. 1908 жылдың 20 тамызы, Семипалатинск қаласы».

1923 жылы Парижде Г. Гребенщиков Н. Рерихпен танысады. 1924 жылы қаламгер Америкаға көшіп, эмиграция ортасында орыс мәдениеті мен әдебиетін насихаттаумен шұғылданады.

Эмиграциядағы өмір. 1917 жылғы Қазан төңкерісін Гребенщиков қабылдаған жоқ. Азамат соғысы жылдарын Қырымда өткізіп, жергілікті баспасөзбен ынтымақтаса жұмыс істеді. 1920 жылы эмиграцияға кетті. Алғаш Францияда тұрды, Парижде Н. Рерих, Ф. Шаляпин, К. Бальмонтпен тығыз таныстықта болды.

1923 жылы Н. К. Рерихпен бірге «Алатас» кітап баспасын құрды. «Алатас» баспасынан шыққан кітаптар арасында мыналар ерекше орын алады: Н. К. Рерихтің «Держава света», А. Ремизовтың «Николины притчи», К. Д. Бальмонттың «Голубая подкова» атты шығармасы, профессор И. А. Сикорскийдің «Книга Жизни», Иван Умовтың «Незримый гость».

1927 жылы Н. Рерихпен келісе отырып, Гребенщиков Рига, Париж, Берлин, Харбин өңірлерінде өкілдігі бар Чураевкадағы «Алатас» баспасының қожайыны болады. Чураевкаға орыс мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті қайраткерлері келіп тұрған, мәселен: С. Рахманинов, Н. Рерих, Ф. Шаляпин, В. Ковалева, ал И. Толстой мен И. Сикорский сонда тұрған. Мұнда әдеби кештер өткізіліп, дәрістер оқылып, балалар мерекесі мен фестивальдары ұйымдастырылып отырған. Орыс колониясы мүшелері Еуропа мен Ресейге мәдени және ағарту жұмыстары мақсатында қаражат жөнелтіп отырған. Чураевкада «Чураевы» роман-эпопеясының жеті томы және т.б. шығармалар жарық көреді. «Чураевы» эпопеясының алғашқы үш томы («Братья», «Спуск в долину», «Веление земли») Әлем әдебиеті төрінен ерекше орын алған. 1928 жылы өз баспасынан Америкадағы үш жылдық өмірі жайлы «Гонец» кітабы жарық көреді.

1940 жылдан Гребенщиков Флорида штаты (Лейкленд қ.) колледжінде орыс әдебиеті пәнінен сабақ береді, Оксфорд университетінің философия докторы (1942). Шетелде өмір сүрген 45 жыл ішінде ол 30-ға жуық көркем және публицистикалық шығарма, орыс және ағылшын тілдерінде көптеген өлеңдер, ондаған драма, әңгіме, очерк жазып, 600 дәріс оқыған. Г. Гребенщиковтың жылдар бойғы әдеби еңбегі халықаралық марапаттар және құрметті ғылыми дәрежелермен бағаланған. 1954 жылы Гребенщиков өзінің «Егоркина жизнь» соңғы автобиографиялық повесть-кітабын жазуды аяқтайды.

Ауыр сырқаттан соң 1964 ж. 11 қаңтарда қайтыс болды.

Георгий Дмитриевич тұрған үй АҚШ-тың мемориалды ескерткіштер реестріне енгізілген.

1992 жылдан Шемонаиха қаласының тарихи-өлкетану мұражайында жыл сайын халықаралық деңгейде Гребенщиков оқулары өткізіліп келеді.

Г.Д. Гребенщиков шығармалары:

Гребенщиков, Г. Д. Гонец [Текст]: письма с Помперага / Г.Д. Гребенщиков. – М.: Междунар. центр Рерихов [и др.], 1996. – 215 с. – (Из личной библиотеки Рерихов).

Гребенщиков, Г. Д. Егоркина жизнь [Текст]: автобиографическая повесть / Г. Д. Гребенщиков. – Усть-Каменогорск: Восток-Печать, 2017. – 340 с.: ил. – (Изумрудный Алтай).

Гребенщиков, Г. Д. Избранное [Текст]: повести, рассказы, очерки / Г. Д. Гребенщиков; ШҚО әкімдігі. – Астана: Фолиант, 2013. – 320 с.: портр. – (Алтай-Ертіс кітапханасы).

Гребенщиков, Г.Д. Купава: роман одного художника // Звено Алтая [Текст]: литературно-художественный альманах / ред. И. Агоров. – Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2008. – 238 с. : ил.- С. 55-79.

Гребенщиков, Г. Д. Письма в Сибирь и Петербург [Текст]: 1907 – 1917. Кн. 1 / Г. Д. Гребенщиков. – Бийск: ИД “Бия”, 2008. – 172 с.: фот.

Гребенщиков, Г. Д. Письма в Сибирь и Петербург [Текст]: 1907- 1917. Кн. 2 / Г. Д. Гребенщиков. – Бийск: ИД “Бия”, 2010. – 200 с.: фот.

Гребенщиков, Г. Д. Русский жемчуг [Текст]: очерки и воспоминания о деятелях литературы и искусства из неизданной книги писателя / Г. Д. Гребенщиков; авт. предисл. С. Царегородцева. – 2-е изд., испр. – Усть-Каменогорск: Восток-Печать, 2014. – 90 с.: фот.

Гребенщиков, Г. Д. Степные узоры [Текст]: очерки, эссе / Г. Д. Гребенщиков. – Усть-Каменогорск: [б. и.], 2006. – 291 с. : рис.

Ол туралы:

Абдрахманов, С. Ханство Гребенщикова [Текст] / С. Абдрахманов // Казахстанская правда. – 2013. – 15 мая (№ 164-165). – С. 9: портр.

Георгий Гребенщиков әнгімесіндегі көкбері. Эссе // Кемелбаева, А. Сөз хикмет [Мәтін] : эсселер, мақалалар, сұхбаттар / А. Кемелбаева. – Алматы : Дәстүр, 2016. – 384 б. 43-52 б.

Вологодская, Г. Возвращение писателя [Текст]: дети рисуют историю / Г. Вологодская // Казахстанская правда. – 2017. – 23 июня (№ 119). – С. 12.

Время пришло он считал Алтай колыбелью мира [Текст] / Информационный центр ВКО // Усть-Каменогорск. – 2013. – 6 июня (№22), № 117. – С. 9: портр.

Герасимова, А. Свой среди своих [Текст] / А. Герасимова // Рудный Алтай. – 2013. – 6 дек. (№ 144). – С. 12.

Место работы Г.Д. Гребенщикова //Деев, В. И. Памятные места русской литературы в Усть-Каменогорске [Текст]: набор из 32 буклетов / В. И. Деев; рец. П. Д. Поминов. – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ им. С. Аманжолова, Б. г. – 32 буклета. – Буклет №1.

Деев, В. И. Писатели Георгий Гребенщиков, Александр Волков, Николай Анов и Ефим Пермитин на Рудном Алтае [Текст] / В. И. Деев; ред. А. Ч. Рыспаева; рец. П. Д. Поминов. – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ им. С. Аманжолова, 2006. – 146 с.

Малюкевич, Н. «Егоркина жизнь» на родине [Текст] / Н. Малюкевич // Рудный Алтай. – 2017. – 8 июня (№ 65). – С. 16.

Гребенщиков Г.Д. // Тарлыкова, О. А за строкой мне видится судьба… [Текст] / О. М. Тарлыкова. – Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2006. – 300 с.- С. 39-110.

Тарлыкова, О. “Русская эпопея” Георгия Гребенщикова [Текст] / О. Тарлыкова // Ақ Ертіс = Иртыш. – 2001. – № 1. – С. 68-78.

Тарлыкова, О. «Старожилы города его помнят и хорошо о нем говорят…» [Текст]: Г. Д. Гребенщиков в Усть-Каменогорске / О. Тарлыкова // Простор. – 2013. – № 4. – С. 160-165: фот.

Тарлыкова, О. Так я вышел в Америке в люди [Текст]: к 130-летию писателя из Восточного Казахстана Георгия Гребенщикова / О. Тарлыкова // Усть-Каменогорск. – 2012. – 12 апр. (№15). – С. 6; 26 апр. (№ 17). – С. 8

Царегородцева, С. Г. Д. Гребенщиков: грани судьбы и творчества [Текст] / С. С. Царегородцева; ред. С. Байхонов; худож. Ю. Курдакова; рец.: Н. А. Завалко, В. В. Артамонова. – Усть-Каменогорск: [б. и.], 2003. – 184 с.

Черепанова, В. Вспоминая великого земляка [Текст]: Двадцать вторые Гребенщиковские чтения прошли в Шемонаихе. / В. Черепанова // Рудный Алтай. – 2014. – 6 мая (№ 50). – С. 8.

Царегородцева, С. Грани судьбы и творчества Г. Д. Гребенщикова [Текст]: учебное пособие / С. С. Царегородцева ; худож. Ю. Курдакова; рец.: Н. А. Завалко, В. В. Артамонова. – Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2004. – 204 с.

Шуваев, К. Лоскутки писательского сердца [Текст]: к 130-летию восточно-казахстанского писателя Г. Гребенщикова / К. Шуваев // Рудный Алтай. – 2012. – 12 мая (№ 54). – С. 6.

Share