Гришка Людмила Александровна

Гришка Людмила Александровна (02.01.1956).

Людмила Александровна Гришка 2 қаңтар 1956 жылы, Алтай өлкесі Змеиногорск қаласында туған. Людмила Гришка – прозашы, ақын, шығармашылыққа берілген, жан-жақты тұлға. Бұрын балабақша тәрбиешісі-педагог болып еңбек еткен. Қазіргі уақытта Риддер қаласында тұрады. Ағаш тамырларынан (корневой) мүсін жасау өнерінің және авторлық қуыршақ жасау шебері. Республикалық поэзия фестивальдері мен байқаулардың белсенді қатысушысы. «Кедр» журналы мен жергілікті басылымдарда шығармалары жарияланған, 13 бірлескен жинаққа автор ретінде енген. 2020 жылы «Наследие» прозалық байқауының дипломанты, 2019 жылы В. Г. Бахмутов атындағы әдеби байқауда «Мой Алтай» номинациясы бойынша марапатталған. Авторлық жинақтарына: «Подниму тихонечко завесу» өлеңдер мен әңгімелер жинағы, «Мир, наполненный светом» өлеңдер жинағы, «Зёрнышко» балаларға арналған кітабы кіреді. Санкт-Петербург қаласындағы Петров Академиясының ғылым және өнер саласындағы мүшесі. Қазіргі уақытта баспадан екі авторлық балалар кітабы дайындалып жатыр. Людмила Гришка – Шығыс Қазақстан облысының «Звено Алтая», Риддер қаласының «Писатели Рудного Алтая» және Алтай Республикасы, Майма қаласындағы «Лира» әдеби бірлестіктерінің мүшесі.

Шығармалары:

  • Гришка, Л.А. Зернышко / Л.А.Гришка. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021. – 12 с.: ил.
  • Гришка, Л.А. Мир, наполненный светом / Л.А.Гришка. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021. – 98с.
  • Гришка, Л.А. Память души / Л.А.Гришка. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2022.
  • Гришка, Л.А. Подниму тихонечко завесу / Л.А.Гришка. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Share