Кітапхана қызметкерлері гір спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның 14 дүркін, Азияның 10 дүркін және әлемнің 9 дүркін чемпионы Айбол Слямбековпен еркін форматтағы кездесу өткізді.
Кеш барысында жас чемпион өзінің спорттық жолы, алғашқы қадамдары, жеңіс жолындағы қиындықтары мен жетістіктері туралы айтып, жас буынға мотивация беретін ойларымен бөлісті. Сондай-ақ кездесу барысында “Тұмар” тобының әншілері жастарға рух беретін әндер мен термелер орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Қазір кәсіби жаттықтырушы әрі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде талай жастың спортқа деген қызығушылығын арттырып жүрген Айболмен жүздесу жас жеткіншектер үшін үлкен сабақ болды. Шара соңында барлығы естелік суретке түсті.


