Дарабоз тағлымы

Дарабоз тағлымы

Кітапхана оқырмандары үшін Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қарасөздің қарагері, Қытайдан Қазақстанға өткен алғашқы ұлы көштің дарабозы Қабдеш Жұмаділовтың 85- жылдық мерейтойына орай, «Дарабоз тағлымы» атты шашыраңқы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының «Дарабоз», «Соңғы көш», «Таңғажайып дүние» сынды тарихи романдары, «Аққуды атпас болар», «Академиктің көз жасы», «Тозақ оты» хикаяттары және «Бір ғана ғұмыр» әңгімелерімен қатар «Жұлдыз», «Жалын» мерзімді басылымдарында жарық көрген еңбектері қойылып, оқырмандарға оқуға ұсынылды.

Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруды аңсаған, сол үшін күрескен тағдырлардың, «Елім!» деп еңіреген ерлердің жан дүние­сін жеті бірдей романына арқау еткен дарабоз ақын Қабдеш Жұмаділов мәңгі жүрегімізде.

Share

Пікір үстеу