16 қазан Дүниежүзілік нан күніне орай кітапхана қызметкерлері өз оқырмандарына молшылықтың символы болып саналатын ас атасы нанның қадір-қасиетін ұғындыру мақсатында қала мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына «Дастархан байлығы» атты Нан фестивалін ұйымдастырды.
Фестиваль әсем әнмен ашылып, бөлінген бекеттердегі танымдық іс-шаралармен жалғасты. «Ас атасы» бекетінде күз мезгілінің басты байлығы астық, ұннан жасалатын ұлттық тағамдарының тарихы туралы ақпараттар беріліп, кішкентай қонақтардың өздері дайындап келген әндері мен тақпақтары айтылды.
«Ертегілер әлемі» бекетінде «Бір үзім нан» әңгімесі бойынша иммерсивті серуен жасады.
Ал, нанды дастарханға әкелгенге дейінгі аспаздық өнерді «Хлебные фантазии» бекетіндегі шеберлік сағатында көрсетті.
«О хлебе и пекарях» бекетіне диқаншылардың еңбегі, нанның қадірі, түрлері мен пайдасы туралы мәліметтер берілді.
Шара барысында қазақтың бауырсағы, италияның пиццасы, орыстың тоқаштары дастарханға қойылып, тарту етілді. Қатысушылар аталмыш тақырыпқа байланысты кітап көрмесімен танысты.
Кішкентай қонақтарға демеушілік көрсеткен ЖШС «Пицца блюз» бас директоры Афонин Александр Валентиновичке алғыс білдіреміз.